📌 27 ақпанда Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің қабырғасында «Jetisy jastary» КММ-мен бірлесіп, Қазақстан халқы Ассамблея мүшесі, жетекші журналистер клубының төрағасы, қоғам қайраткері, журналист Атсалим Саламұлы Идиговпен «Аңыз адаммен тарихы сәт» атты тақырыбында білімгерлермен кездесу өтті.
📍Аталған кездесу жастардың бір-біріне деген сый-құрметін арттырып, татулықты, бірлікті, ортақ құндылықтарды насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.
📍Сондай-ақ, кездесу барысында, өсіп келе жатқан жас ұрпақты патриотизмге баулу, «Отаным-туған жерім» және мемлекеттік тіл туралы айтылды. Білімгерлер тарапынан ұтымды ой-пікірлер мен көптеген сұрақтар қойылды.
📍Сөз соңында, А.Идигов өзі қорытындылап, осындай кездесулердің тұрақты өткізіліп отыратынын және бұл барлық тарап үшін пайдалы болатынын жеткізді.

