2024 жылдың 12 қыркүйек күні, Талдықорған қаласы Достық үйінде Жетісу облыстық қоғамдық даму басқармасы, «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі және облыстық Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Ортақ шаңырақ» жобасы аясында «Үздік отбасы» өзге этнос отбасылары арасындағы облыстық байқау өтті. Байқауға аудан, қаладан жалпы 8 отбасы қатысты.
Байқаудың мақсаты:
- отбасында өзара келісім мен рухани сыйластықты, қарым қатынасты нығайту;
- көпұлтты елімізде бір шаңырақ астында берекелі өмір сүрудің маңыздылығын арттыру;
- отбасы құндылықтарын дәріптеу, өзге этнос отбасыларын жарыққа шығарып, үлгі ету;
- ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру;
- өзге этнос отбасыларының шығармашылық әлеуетін ашуға жәрдемдесу, жағымды имидждерін қалыптастыру.
Байқау 4 кезең бойынша өткізілді.
Бірінші кезең: «Жанұям – бақыт тұрағым».
Қатысушылар өздерін таныстырады (аты-жөні, тұрып жатқан аймағын және т.б. ақпараттар). Таныстыру 3 минуттан аспауы тиіс.
Екінші кезең: «Шеберлер қаласы»
Қатысушылар өз өнерлерін көрсетеді, ән, би, қолөнер, құрақ-көрпе тігу, ақындық өнері, құсбегілік, қыштан ыдыстар жасау, т.б.
Өз өнерлерін көрсету барысында қатысушы отбасы мүшелерінің барлығы қамтылуы тиіс. Берілетін уақыт 3-5 минут.
Үшінші кезең: «Менің отбасым» фото аймағы
Төртінші кезең: «Біздің жанұямыздың дәстүрлі тағамдары».
Әр отбасы өздерінің сүйіп жейтін 1 ұлттық тағамын дайындап алып келіп, оның жасалу жолын түсіндіреді. Үй тапсырмасы 2 минуттан аспауы тиіс.
Байқауда төрелік еткен қазылар алқасы:
- Балақаранова Жұмабала – Ардагер ұстаз, «Білім беру», «Ы.Алтынсарин» және «Еңбек адамы» төсбелгілерінің иегері, балаларға арналған «Ертегілер әлемі» жинағының авторы.
- Нұрмыхаметов Асқар Қалиұлы – Қазақстан Республикасының Мәдениет саласының үздігі, Жетісу облыстық халық шығармашылығы орталығының көркемдік жетекшісі.
- Байсова Фаруза Мұқанқызы – Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, Талдықорған қалалық ардагерлер кеңесінің жанындағы «Мұрагер» аймақтық ардагерлер ұйымының төрайымы, «Күміс алқа» иегері, Еңбек ардагері.
Байқаудың қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болып, ақшалай сыйлықтармен және дипломмен марапатталады.
БАС ЖҮЛДЕ – Көксу ауданы – 150 000 теңге
І ОРЫН – Алакөл ауданы – 100 000 теңге
ІІ ОРЫН – Панфилов ауданы – 80 000 теңге
ІІІ ОРЫН – Текелі қаласы – 50 000 теңге




