
Келемсеиіт Ермек Әбілмәжінұлы
Жетісу облысының Ақсақалдар кеңесінің төрағасы
Ақсақалдар кеңесінің мақсаты – мемлекеттік органдарға, азаматтық қоғам институттарына қазақстандық бірегейлікті нығайтуға, азаматтарды қоғамдық келісім мен бірлік құндылықтары төңірегінде шоғырландыруға жәрдемдесу.
Ақсақалдар кеңесінің негізгі міндеттері:
– мемлекеттік органдарға, азаматтық қоғам институттарына қазақстандық бірегейлікті нығайтуға, азаматтарды қоғамдық келісім мен бірлік құндылықтары төңірегінде шоғырландыруға жәрдемдесу;
– азаматтар, мемлекеттік және қоғамдық институттар арасындағы сындарлы коммуникациялар мен өзара іс-қимылды нығайту;
– қоғамдық келісім мен бірлікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша мемлекет пен қоғамның «кері байланыс» тетіктерін ұйымдастыру;
– жастар арасында патриотизм идеяларын ілгерілету және патриоттық тәрбие беру;
– мемлекеттік органдарға әлеуметтік және тұрмыстық жанжалдарды профилактикалауға, оларды шешуге, сондай-ақ оларды жанжалдан кейінгі реттеуге жәрдемдесу;
– этномедиацияны жүзеге асыруға, қоғамдық келісімді нығайту мәселелері жөніндегі диалогты ұйымдастыруға жәрдемдесу және тікелей қатысу;
– жастар арасында тәлімгерлік практикасын енгізу және жетілдіру, қоғамды шоғырландыру ісінде жастар ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасау;
– халық арасында қоғамдық келісімді қамтамасыз ету мәселелерінде білім мен тәжірибені беру.
Жетісу облысында 124 Ақсақалдар кеңестері, оның ішінде, 1 облыстық, 2 қалалық, 8 аудандық, 113 ауылдық деңгейде кеңестер жұмыс істейді. Мүшелер саны 394 адам. Олардың құрамында этномәдени орталықтардың өкілдері, ардагерлер, үкіметтік емес ұйымдар, кәсіподақ өкілдері және ауылдық округ әкімдері мен полицияның учаскелік инспекторлары бар.