Skip to content
Главная страница » «Жетісу облысының «ЭЛЛАДА» грек бірлестігі» ҚБ

«Жетісу облысының «ЭЛЛАДА» грек бірлестігі» ҚБ

Путахиди Галина Георгиевна

«Жетісу облысының «ЭЛЛАДА» грек бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы

Этномәдени бірлестіктің қызмет мазмұны:

  • Қазақстанда тұратын грек ұлты өкілдерінің мәдениетін, озық ұлттық дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын жан-жақты дамытуға, сондай-ақ олардың әлеуметтік, рухани қажеттіліктері мен өзге де заңды мүдделерін барынша толық қанағаттандыруға қажетті жағдайлар жасауға жәрдемдесу;
  • Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған «Қазақстан – 2030» стратегиясы туралы Жолдауының ережелерін іске асыруға қатысу;
  • Қазақстандағы этносаралық келісім мен бірлікті сақтауға жан-жақты жәрдемдесу;
  • Қазақстан Республикасының аумағында тұратын гректердің барлық халықтармен бірлік және тең құқықтылық қағидаттары негізінде рухани, мәдени және этникалық тұрғыдан топтасуына ықпал ету;
  • грек халқының тарихын жаңғырту және мәдениетін дамыту;
  • мүшелердің шағын және орта бизнесті ұйымдастыруға бағытталған экономикалық бастамаларын іске асыруға жәрдемдесу;
  • Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы шеңберінде фестивальдер, байқаулар, концерттер, ғылыми, практикалық және әдістемелік семинарлар өткізу арқылы гректердің ана тілін, ұлттық салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын сақтауға бағытталған іс-шаралар ұйымдастыру;
  • бейнелеу өнері және халықтық қолөнер көрмелерін ұйымдастыру;
  • грек халқының тарихы және олардың Қазақстанға қоныс аударуы туралы дәрістер ұйымдастыру;
  • жастар арасында қазақстандық патриотизмді дамытуға және нығайтуға бағытталған тәрбие жұмыстарын жүргізу.