Skip to content
Главная страница » «Күрдтердің «Барбанг» қауымдастығының Талдықорған өңірлік филиалы» ҚБ

«Күрдтердің «Барбанг» қауымдастығының Талдықорған өңірлік филиалы» ҚБ

Бірлестік филиалы мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:

  • Қазақстанда тұратын күрд ұлты өкілдерінің мәдениетін, озық халықтық дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын жан-жақты дамытуға, сондай-ақ олардың әлеуметтік және рухани қажеттіліктері мен өзге де заңды мүдделерін барынша толық қанағаттандыруға қажетті жағдайлар жасауға жәрдемдесу;
  • Қазақстандағы этносаралық келісім мен бірлікті сақтауға жан-жақты жәрдемдесу;
  • Қазақстан Республикасының аумағында тұратын күрдтердің барлық халықтармен бірлік және тең құқықтылық қағидаттары негізінде рухани, мәдени және этникалық тұрғыдан топтасуына ықпал ету;
  • күрд халқының тарихын жаңғырту және мәдениетін дамыту;
  • мүшелердің шағын және орта бизнесті ұйымдастыруға бағытталған экономикалық бастамаларын іске асыруға жәрдемдесу;
  • Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы шеңберінде фестивальдер, байқаулар, концерттер, ғылыми, практикалық және әдістемелік семинарлар өткізу арқылы күрдтердің ана тілін, ұлттық салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын сақтауға бағытталған іс-шаралар ұйымдастыру;
  • бейнелеу өнері және халықтық қолөнер көрмелерін ұйымдастыру;
  • күрд халқының тарихы және олардың Қазақстанға қоныс аударуы туралы дәрістер ұйымдастыру;
  • жастар арасында қазақстандық патриотизмді дамытуға және нығайтуға бағытталған тәрбие жұмыстарын жүргізу.