
Князева Дарья Алексеевна
«Өңірлік болгар мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы.
Бірлестіктің мақсаты:
- Жетісу облысының аумағында тұратын болгарларға ана тілін үйренуге жәрдемдесу;
- болгар халқының дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын, тілдік, мәдени және тарихи мұрасын сақтауға және дамытуға жәрдемдесу;
- Жетісу облысының аумағында тұратын болгарларды қоғамдық өмір саласындағы демократиялық өзгерістер үдерісіне белсенді тарту;
- болгарлардың рухани мәдениетін қалыптастыруға және оны байытуға жәрдемдесу;
- Қазақстан Республикасындағы этносаралық қатынастарды нығайту және дамыту;
- болгарлар мен Қазақстанның басқа да халықтары арасында мемлекеттік тілді насихаттауға жәрдемдесу;
- балалар мен жастардың белсенділігі мен шығармашылық бастамаларын дамыту;
- кәсіби және әуесқойлық мүдделерін қанағаттандыру;
- құқықтық білімді дамыту;
- ғылыми және техникалық шығармашылықты дамыту;
- қайырымдылық қызметіне қатысу;
- мәдени-ағартушылық және спорттық-сауықтыру жұмыстарын жүргізу;
- патриоттық және гуманистік тәрбие беру;
- халықаралық ынтымақтастықты кеңейту және нығайту.
Қойылған мақсаттарға сәйкес Бірлестік мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:
- зерттеу қызметі;
- ғылыми-әдістемелік қызмет;
- оқу-ағарту қызметі;
- консультациялық және сараптамалық қызмет;
- кең көлемді ақпараттық қызмет;
- ағартушылық қызмет;
- спорттық-патриоттық қызмет;
- сауықтыру қызметі;
- ғылыми, шығармашылық және практикалық конференциялар, симпозиумдар, семинарлар, конкурстар, қайырымдылық базарлары, жәрмеңкелер, көрмелер, түскі астар мен лотереялар ұйымдастыру;
- еріктілік (волонтерлік) қызмет;
- Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің мемлекеттік органдарымен ынтымақтастық;
- қайырымдылық қызметі;
- өз мүшелерінің бастамашылдығын, шығармашылығын және жаңашылдығын дамытуға жәрдемдесу;
- Қазақстан Республикасының заңнамасына және Бірлестіктің жарғылық мақсаттарына қайшы келмейтін өзге де қызмет түрлері.
Бірлестіктің қызметінің мәні — этносаралық келісім мен саяси тұрақтылықты нығайту саласында іс-шаралар өткізу.