Skip to content
Главная страница » «Көксу ауданының «Нахичивань» әзербайжан ұлттық-мәдени орталығы» ҚБ

«Көксу ауданының «Нахичивань» әзербайжан ұлттық-мәдени орталығы» ҚБ

Магеррамов Фахреддин Джабраилович

Көксу ауданының «Нахичивань» әзербайжан ұлттық-мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы

Этномәдени орталықтың қызметінің негізгі мақсаттары:

  • әзербайжан мәдениетін, тілін, салт-дәстүрлерін, әдет-ғұрыптары мен ұлттық рәсімдерін сақтау және дамыту, ұлттық және этносаралық қатынастардың үйлесімді дамуына ықпал ету.

Қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін «Нахичивань» әзербайжан ұлттық-мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:

  • этносаралық қатынастарды жетілдіруге, түрлі этнос өкілдері арасындағы достық пен өзара түсіністікті нығайтуға, өңірде тұратын халықтар мәдениеттерінің өзара байытылуына жәрдемдесу;
  • ұлттық мәдениетті, тілді, ұлттық рәсімдерді, әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлерді жаңғыртуға, сақтауға және дамытуға, сондай-ақ олардың тарихын зерделеуге бағытталған мәдени-ағартушылық жұмыстар ұйымдастыру;
  • өңірде тұратын халықты әзербайжан халқының мәдениетімен, тарихымен, дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарымен таныстыру;
  • бұқаралық ақпарат құралдары, көркемөнерпаздар шығармашылығы, қолданбалы өнер және басқа да шығармашылық бірлестіктер арқылы әзербайжан халқының тарихын, мәдениеті мен өнерін насихаттау;
  • әзербайжан халқы өкілдерінің басқа халықтардың тілдері мен мәдениетін зерделеуіне жәрдемдесу;
  • ұлттық, сахналық, вокалдық-хореографиялық өнер бағыттары бойынша көркемөнерпаздар ұжымдарын құру және олардың көпшілік алдында өнер көрсетуін ұйымдастыру, шығармашылық ұжымдардың құрамын толықтыру үшін таланттарды анықтау мақсатында конкурстар мен басқа да іс-шаралар өткізу;
  • аса дарынды жастардың арнаулы білім алуына жәрдемдесу;
  • көрмелер мен студиялар ұйымдастыру жөнінде ұсыныстар енгізу;
  • ұлттық мәдениеттер мен тілдер мерекелерін ұйымдастыруға және өткізуге қатысу;

осы бағыттағы басқа да орталықтармен және қоғамдармен, ғылыми, ағартушылық және мәдени орталықтармен ынтымақтастық орнату.