Skip to content
Главная страница » «Панфилов ауданының ұйғыр этномәдени орталығы» ҚБ

«Панфилов ауданының ұйғыр этномәдени орталығы» ҚБ

Гаитов Азат Саутович

«Панфилов аудандық ұйғыр этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы

Этномәдени бірлестіктің қызмет мазмұны:

  • Ұйғыр этномәдени орталығы ұйғырлардың этнос ретінде, мемлекеттің тең құқықты мүшесі ретінде сақталуы мен өзін-өзі дамытуына қажетті әлеуметтік жағдайлар жасауды өз мақсаты ретінде айқындайды;
  • Ұйғыр этномәдени орталығының қозғалысы ұлтына, әлеуметтік және діни тиесілігіне қарамастан, оның мақсаттары мен міндеттерін қолдайтын және оларды жүзеге асыруға белсенді қатысатын барлық азаматтарды біріктіреді;
  • ұйғыр халқының мәдениетін жаңғыртуға, оны жан-жақты дамытуға, сондай-ақ ұйғыр ұлты өкілдерінің рухани және өзге де әлеуметтік қажеттіліктерін неғұрлым толық қанағаттандыруға жан-жақты жәрдемдесу;
  • ұлттық мәдениеттің негізгі бастауы ретінде ұйғыр тілін қорғау, оның қолданылу аясын кеңейту және дамыту бойынша кешенді әрі мақсатты жұмыстар жүргізу;
  • тең құқықтылық пен әлеуметтік әділеттілік қағидаттарын іске асыру негізінде ұйғыр ұлты өкілдерінің қоғамдық өмірдің барлық салаларына қатысуын жандандыру, олардың Жаңа Қазақстанды құру ісіне қосатын үлесін арттыру;
  • ұйғыр халқының тарихын, тілін, мәдениеті мен өнерін насихаттау;
  • ұйғыр халқының мәдени және тарихи ескерткіштерін зерделеу, сондай-ақ оның озық салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын жаңғырту бойынша жұмыстар жүргізу;
  • ұйғыр халқының мәдени және тарихи ескерткіштерін қорғауға жауапты тиісті органдармен ынтымақтастық орнату;
  • ұйғыр халқы арасында ұйғыр тілінің беделін арттыруға, оның қолданылу аясын кеңейтуге, ұлттық мәдениеттің негізгі бастауы ретіндегі мәні мен маңызын түсіндіруге бағытталған ұйымдастырушылық-үйлестіру және үгіт-түсіндіру жұмыстарын жүргізу; жергілікті жерлерде ұйғыр тілінде білім беретін балабақшаларға, мектептерге және топтарға жәрдемдесу;
  • ұйғыр мектептеріндегі балалардың білім алу сапасын жетілдіруге және көпсалалы әрі көпдеңгейлі ұлттық білім беру жүйесін қалыптастыруға бағытталған маңызды іс-шараларға қатысу; ұлттық мәдениетті жаңғыртудың негізгі ошақтарының бірі ретінде ұйғыр мектептерінің әлеуметтік маңызы мен рөлін арттыру жөнінде бастамалар көтеру;
  • ана тілін міндетті түрде білу қағидаттарын орнықтыруға жәрдемдесу; ана тілін терең меңгеру, оны кеңінен әрі еркін қолдану негізінде мемлекеттік тіл — қазақ тілін және ұлтаралық қарым-қатынас құралы ретінде орыс тілін үйренуге түсіндіру жұмыстарын жүргізу және жәрдемдесу;
  • ұйғырлардың әлеуметтік-мәдени дамуының өзекті мәселелерін анықтау және талдау, сондай-ақ оларды жедел шешу жөнінде ұсынымдар әзірлеу мақсатында әлеуметтанулық зерттеулер ұйымдастыру; аса маңызды мәселелер бойынша референдумдар өткізу жөнінде ұсыныстар енгізу;
  • ұлттық және этносаралық қатынастар мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарының, Үкімет пен Қазақстан халқы Ассамблеясының шешімдерінің орындалуына жергілікті жерлерде қоғамдық бақылауды жүзеге асыруға жәрдемдесу;
  • ұлттық және этносаралық қатынастарға қатысты мәселелерді зерделеу, талқылау және шешу мақсатында қоғамдық ұйымдармен және мемлекеттік органдармен байланыс орнату және оны қолдау;
  • этносаралық қатынастарды одан әрі жетілдіру және өзара рухани байыту мақсатында басқа халықтардың мәдениет ұйымдарымен және қоғамдарымен бірлескен іс-шаралар өткізу;
  • орталықта және жергілікті жерлерде айтулы оқиғалар мен өзекті мәселелерге арналған мерекелер, конференциялар және басқа да іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге жәрдемдесу;
  • бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халықты Орталықтың қызметі туралы ақпараттандыру;
  • мемлекеттік және қоғамдық органдарда өзінің барлық мүшелерінің заңды мүдделерін білдіруге және қорғауға құқылы.

Жоғарыда көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу үшін Бірлестік мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:

  • қайырымдылық қызметіне қатысу;
  • мәдениет пен тілді дамытуға, сондай-ақ басқа да жарғылық мақсаттарға бағытталған телевизиялық, бейне және аудиороликтерді, клиптерді әзірлеуге және өндіруге қатысу;
  • Бірлестік жарғылық мақсаттарға қол жеткізуге қызмет ететін жағдайда кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыра алады. Қоғамдық бірлестіктердің кәсіпкерлік қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады;
  • Бірлестіктің кәсіпкерлік қызметтен түсетін кірістері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салық салуға жатады;
  • Бірлестіктің кәсіпкерлік қызметтен түсетін кірістері қоғамдық бірлестіктердің мүшелері (қатысушылары) арасында бөлінбейді және жарғылық мақсаттарға қол жеткізу үшін пайдаланылуға тиіс. Қоғамдық бірлестіктердің өз қаражатын қайырымдылық мақсаттарына пайдалануға жол беріледі.