Skip to content
Главная страница » Ғылыми – сараптамалық топ

Ғылыми – сараптамалық топ

Бурибаев Ермек Абильтаевич

«І. Жансүгуров ат. Жетісу университеті» КЕ АҚ Басқарма төрағасы – Ректор, Жетісу облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы ғылыми-сараптамалық топтың төрағасы

Ғылыми-сараптамалық топтың мақсаты – өңірдегі этносаралық және конфессияаралық қатынастардың жай-күйін ғылыми негізде зерделеу, талдау және болжау арқылы қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға ықпал ету, мемлекеттік ұлттық саясатты іске асыруға ғылыми-сараптамалық қолдау көрсету, сондай-ақ ғылыми қауымдастықтың, жоғары оқу орындарының және тәуелсіз сарапшылардың зияткерлік әлеуетін өңірдегі қоғамдық келісім саласындағы өзекті мәселелерді шешуге жұмылдыру болып табылады.

Міндеттері:

1.      облыстағы этносаралық, конфессияаралық үдерістер мен этносаяси жағдайларды зерттеу және талдау;

2.      облысты мекендейтін этнос өкілдерінің мәселелері бойынша талдамалық құжаттарды дайындау;

3.      мемлекеттік ұлттық саясаттың жүзеге асыру бойынша Ассамблеяның рөлін нығайтуға көмек көрсету;

4.      Қазақстандық қоғамның тұтастығы мен жалпыұлттық келісімді нығайтуға бағытталған ұжымдық нәтижелі шараларды дайындау үшін ғылыми-сараптамалық топ мүшелерінің, ғылыми-зерттеу базасының ресурстық және интелектуалдық әлеуетін, жоғары оқу орындары мен әлеуметтік зерттеулер орталықтары ғалымдарының мүмкіндіктерін жұмылдыру.