2008 жылдың қараша айында Талдықорған қаласының әкімшілік орталығында республикада алғашқылардың бірі болып арнайы жоба бойынша Достық үйі салынды, онда облыстың барлық этномәдени бірлестіктері жұмыс істейді, оның қабырғаларында этносаралық келісімді, қоғамдық тұрақтылықты сақтау және қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру бойынша үлкен жұмыстар жүргізілуде.
Ғимарат 3 қабаттан тұрады, жалпы ауданы 4 мың шаршы метрден асады. Мұнда облыстық этномәдени орталықтардың және шығармашылық ұжымдардың жұмысына барлық жағдай жасалған. Атап айтқанда: 13 кабинет ЭМБ кеңселері, мемлекеттік тілді оқыту орталығы, медиация орталығы, 3 би залы, 180 орындық акт залы, конференц-зал, заманауи аппаратурамен жабдықталған дыбыс жазу студиясы, ұлттық киімді сақтауға арналған костюм бөлмесі бар.
Қазіргі уақытта облыста 70-ке жуық этнос өкілдері тұрады. Тығыз орналасқан – орыс, ұйғыр, азербайжан, корей, татар, шешен және тағы басқа өкілдер бар . Олардың барлығында өздерінің ұлттық мәдениетін, ана тілін, дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын сақтау және дамыту үшін жағдайлар бар.
Жалпы, облыстық этномәдени бірлестіктер саны- 19, олардың облыстық филиалдары – 14, аудандық – 5 жұмыс істейді, олар әртүрлі этностардың өкілдерін біріктіреді.
Мемлекет басшысы 2026 жылғы 5 маусымда «Қазақстан Халық Кеңесі туралы» Конституциялық заңға қол қойып, заң 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді.
Осылайша, 2026 жылғы 1 шілдеден бастап бұрынғы Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі тоқтатылып, қоғамдық келісім саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жұмыстары Қазақстан Халық Кеңесі институты аясында жаңа құқықтық негізде жалғасын табуда.
Бүгінде «Қоғамдық келісім» КММ өз қызметін Қазақстан Халық Кеңесінің негізгі қағидаттарына сәйкес жүзеге асырып, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту, этномәдени бірлестіктердің қызметін үйлестіру, медиация институтын дамыту, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу және азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимылды күшейту бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыруда. Бұл қызмет жаңа конституциялық реформалардың мақсаттарына сәйкес қоғам мен мемлекет арасындағы сындарлы диалогты дамытуға және азаматтардың қоғамдық процестерге қатысуын кеңейтуге бағытталған.