
Ли Владимир Леонидович
«Жетісу облысының корей этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы
Бірлестіктің қызметінің мақсаты — корей халқының мәдениетін, тілін, дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын жаңғырту, басқа халықтардың мәдениетіне, дәстүрлеріне, әдет-ғұрыптары мен тілдеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу, Қазақстан халықтары арасындағы достықты нығайту.
Қызметінің негізгі бағыттары:
- мәдени-ағартушылық жұмыстар жүргізу;
- корей тілін, сондай-ақ мемлекеттік тілді үйренгісі келетін адамдарға үйірмелер ұйымдастыру және оқу әдебиеттерін сатып алу арқылы көмек көрсету;
- конкурстар, конференциялар, дөңгелек үстелдер мен дәрістер өткізу;
- спорттық-сауықтыру жұмыстарын жүргізу;
- патриоттық және гуманистік тәрбие беру;
- салауатты өмір салтын насихаттау;
- демалыс кештерін, концерттерді, тарихи даталарға арналған мерекелік іс-шараларды ұйымдастыру, корей мәдениеті мен өнеріне арналған көрмелер өткізу;
- Қазақстан халықтарының, ТМД елдерінің басқа да этномәдени бірлестіктерімен байланыс орнату, бірлескен кездесулер мен мәдени іс-шаралар өткізу.