
Спиридонова Валентина Григорьевна
«Қаратал аудандық славян мәдениеті орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы
«Славян мәдениеті орталығы» қоғамдық бірлестігінің қызмет мақсаты — Қазақстан Республикасында тұратын халықтардың мәдени және әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыру.
Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін Қоғамдық бірлестік мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:
- халық арасында мәдени-ағартушылық жұмыстар жүргізу, Қазақстан Республикасындағы және одан тыс жерлердегі басқа да орталықтармен, клубтармен, қауымдастықтармен және өзге де бірлестіктермен шығармашылық байланыстар орнату;
- республикадағы әлеуметтік-саяси тұрақтылықты сақтауға белсенді қатысу, халық арасында барлық этностардың тарихи-мәдени дәстүрлеріне, діни нанымдары мен әдет-ғұрыптарына, олардың моральдық-психологиялық ерекшеліктеріне құрметпен қарауды қалыптастыру;
- мемлекеттік тілді және ұлтаралық қарым-қатынас тілі ретінде орыс тілін орнықтыру және дамыту, олардың аудан халқының өміріндегі қоғамдық қызмет аясын кеңейту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және үйлестіру;
- орыс және басқа да славян халықтарын этносаралық келісімді нығайтуға, орыс мәдениетін, салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын сақтауға және дамытуға бағытталған белсенді жұмыстарға тарту;
- жарғылық мақсаттарға қол жеткізу үшін қажетті ғылыми-педагогикалық және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға жәрдемдесу;
- Қазақстан Республикасы азаматтарының мүдделерін білдіру және заңды құқықтарын қорғау;
- тарихи өткен кезеңдегі және қазіргі кездегі мәдениеттің жай-күйі туралы нақты материалдар жинау мақсатында өлкетану (фольклорлық, диалектологиялық, этнографиялық және т.б.) экспедицияларын ұйымдастыру;
- орыс мәдениеті мен жазуы күндерін, фестивальдер, фольклорлық мерекелер, көрмелер, концерттер, дәрістер және спорттық іс-шаралар өткізу;
- бітімгершілік және қайырымдылық қызметіне қатысу;
- орталық мүшелері мен басқа да азаматтарға қазақ тілін үйренуді ұйымдастыру;
- қолданыстағы құқықтық нормаларды сақтай отырып, бұқаралық ақпарат құралдары мен баспа өнімдері, көркемөнерпаздар шығармашылығы, сондай-ақ түрлі қоғамдық-саяси және басқа да іс-шаралардағы ауызша баяндамалар арқылы орыс халқының тарихын, мәдениеті мен өнерін насихаттау.