Skip to content
Главная страница » «Қазақ мәдениеті, салт-дәстүрлері орталығы» ҚҚ

«Қазақ мәдениеті, салт-дәстүрлері орталығы» ҚҚ

Шыныбаев Серикбол Тулеутаевич

«Қазақ мәдениеті, салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары орталығы» қоғамдық қорының төрағасы

Этномәдени бірлестіктің қызмет мазмұны:

Қойылған мақсаттарға сәйкес қоғамдық қор мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:

  • ғылыми және әлеуметтанулық зерттеулер жүргізу;
  • ғылыми-әдістемелік қызметті ұйымдастыру;
  • оқу-ағарту қызметін жүзеге асыру;
  • консультациялық және сараптамалық қызмет көрсету;
  • кең ауқымды ақпараттық қызметті жүзеге асыру;
  • ағартушылық қызмет жүргізу;
  • спорттық-патриоттық қызметті жүзеге асыру;
  • сауықтыру жұмыстарын жүргізу;
  • ғылыми, шығармашылық және практикалық конференциялар, симпозиумдар, семинарлар, конкурстар, қайырымдылық базарлары, жәрмеңкелер, көрмелер, дастарқандар мен лотереялар ұйымдастыру;
  • еріктілік (волонтерлік) қызметті жүзеге асыру;
  • Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің мемлекеттік органдарымен ынтымақтастық орнату;
  • қайырымдылық қызметін жүзеге асыру;
  • өз мүшелерінің бастамашылдығын, шығармашылығын және жаңашылдығын дамытуға жәрдемдесу;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасына және Бірлестіктің жарғылық мақсаттарына қайшы келмейтін өзге де қызмет түрлерін жүзеге асыру.

Қоғамдық қор қызметінің мәні — этносаралық келісім мен саяси тұрақтылықты нығайту саласында іс-шаралар өткізу.