Skip to content
Главная страница » «Облыстық «Күміс тамыр» қытай этномәдени орталығы» ҚБ

«Облыстық «Күміс тамыр» қытай этномәдени орталығы» ҚБ

Хый Наталья Лялиевна

«Күміс тамыр» облыстық қытай этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы

Этномәдени бірлестіктің қызмет мазмұны:

  • Қазақстан Республикасында тұратын қазақ, қытай және басқа да этностардың тарихын, мәдениеті мен рухани құндылықтарын зерделеу;
  • қазақстандық патриотизмді дамытуға, қытай халқының ана тілін, ұлттық салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын сақтауға бағытталған іс-шаралар өткізу;
  • бейнелеу өнері және халықтық қолөнер көрмелерін ұйымдастыру;
  • шағын және орта бизнесті ұйымдастыруға бағытталған экономикалық бастамаларды іске асыруға жәрдемдесу.

Бірлестік Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес коммерциялық қызметті дербес жүзеге асыра алады. Кәсіпкерлік қызметтен түсетін кірістер Бірлестіктің қалауынша қайырымдылық мақсаттарына бағытталуы мүмкін. Достық байланыстарды нығайту және Қазақстан мен Қытайдың мәдениетімен танысу мақсатында туристік сапарлар ұйымдастыру, сондай-ақ тәжірибе алмасу үшін дәрігерлерді шақыру, оның ішінде визаларды рәсімдеуді ұйымдастыру және оларды алып жүру қызметтерін жүзеге асыру.