Skip to content
Главная страница » «Ляйсан. Алакөл ауданының татар мәдениетінің аудандық орталығы» ҚБ

«Ляйсан. Алакөл ауданының татар мәдениетінің аудандық орталығы» ҚБ

Абдухаликова Ирина Зиновьевна

«Ляйсан» Алакөл аудандық татар мәдениеті орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы

Бірлестіктің қызметінің мәні:

  • Жетісу облысының аумағында татар мәдениетін дамыту;
  • татар тілін дамыту, оның аудан халқының өміріндегі қоғамдық қызмет аясын кеңейту, тілдің тазалығы мен өзіндік ерекшелігін сақтау, ұлттық сана-сезімді қалыптастыру, татар мәдениетін жаңғырту, сақтау және дамыту;
  • татар халқының ұлттық мәдениетін, тілін, салт-жоралғылары мен дәстүрлерін жаңғыртуға, сақтауға және дамытуға, сондай-ақ оның тарихын зерделеуге бағытталған мәдени-ағартушылық жұмыстарды ұйымдастыру;
  • бұқаралық ақпарат құралдары, көркемөнерпаздар шығармашылығы және басқа да шығармашылық бірлестіктер арқылы татар халқының тарихын, мәдениеті мен өнерін насихаттау;
  • татар тілін үйренуге қажетті жағдайлар жасауға жәрдемдесу;
  • ұлттық мәдениеттер мен тілдер мерекелерін ұйымдастыруға және өткізуге бастамашылық жасау және қатысу;
  • әлеуметтік мәселелерді шешуге және қоғамның тұрақты дамуына бағытталған бағдарламалар мен жобаларды әзірлеу және іске асыру.

Ұлттық мәдени орталықтардың негізгі міндеті — жалпы қазақстандық және мемлекеттік құндылықтардың басымдығы негізінде әрбір этностың тілін, мәдениетін, салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын сақтау және дамыту.

Бірлестіктің мақсаттары:

  • әлеуметтік, қайырымдылық, білім беру, мәдени және қоғамдық пайдалы мақсаттарға қол жеткізу;
  • Жетісу облысының аумағында татар мәдениетін дамыту;
  • татар тілін дамыту, оның аудан халқының өміріндегі қоғамдық қызмет аясын кеңейту, тілдің тазалығы мен өзіндік ерекшелігін сақтау, ұлттық сана-сезімді қалыптастыру, татар мәдениетін жаңғырту, сақтау және дамыту;
  • татар халқының ұлттық мәдениетін, тілін, салт-жоралғылары мен дәстүрлерін жаңғыртуға, сақтауға және дамытуға, сондай-ақ оның тарихын зерделеуге бағытталған мәдени-ағартушылық жұмыстарды ұйымдастыру;
  • бұқаралық ақпарат құралдары, көркемөнерпаздар шығармашылығы және басқа да шығармашылық бірлестіктер арқылы татар халқының тарихын, мәдениеті мен өнерін насихаттау;
  • татар тілін үйренуге қажетті жағдайлар жасауға жәрдемдесу;
  • ұлттық мәдениеттер мен тілдер мерекелерін ұйымдастыруға және өткізуге бастамашылық жасау және қатысу;
  • әлеуметтік мәселелерді шешуге және қоғамның тұрақты дамуына бағытталған бағдарламалар мен жобаларды әзірлеу және іске асыру.
  • Бірлестік қызметінің негізгі мақсаты — өзекті әлеуметтік мәселелерді шешуге, экологиялық мәселелерді реттеуге, отбасылық қолайсыздықтың алдын алуға және отбасын оңалтуға, құқық бұзушылықтардың, балалардың қараусыз және қадағалаусыз қалуының, әлеуметтік жетімдіктің алдын алуға жәрдемдесу. Салауатты өмір салтын насихаттау.
  • Қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін Бірлестік мынадай міндеттерді орындайды:
  • тиісті ұйымдармен бірлесіп ғылыми-практикалық анықтамалық материалдар, бағдарламалар, жадынамалар, брошюралар және көрнекі құралдар шығару;
  • мемлекеттік және атқарушы органдармен, мекемелермен және басқа да үкіметтік емес ұйымдармен өңірлік өзара іс-қимыл мен ынтымақтастықты дамытуға қатысу;
  • кәсіпкерлер мен шағын және орта бизнес өкілдерін тарту, Бірлестіктің мақсаттарын іске асыруға байланысты міндеттерді шешуге жергілікті қоғамдастықты жұмылдыру;
  • Қазақстан Республикасының аумағында да, одан тыс жерлерде де қызмет ететін ұқсас бірлестіктермен ынтымақтастық орнату.