Skip to content
Главная страница » «Қазақстан Республикасындағы ұйғырлардың республикалық этномәдени орталығы» ҚБ

«Қазақстан Республикасындағы ұйғырлардың республикалық этномәдени орталығы» ҚБ

Заитов Турган Зурдунович

«Қазақстанның республикалық этномәдени ұйғыр орталығы» ҚБ Жетісу облысы бойынша филиалының төрағасы

Этномәдени бірлестіктің қызмет мазмұны:

  • жарғыға (ереже) сәйкес қызметінің негізгі бағыттары.

Бірлестіктің қызметінің мәні:

  • ұйғыр этносының қоғамның тең құқылы мүшесі ретінде өзін-өзі сақтауына және өзін-өзі дамытуына қажетті әлеуметтік жағдайлар жасау.

Бірлестіктің қызмет түрлері:

  • ұйғыр халқының мәдениетін сақтауға және жан-жақты дамытуға, оның рухани және басқа да әлеуметтік қажеттіліктерін барынша толық қанағаттандыруға жәрдемдесу;
  • ұлттық мәдениеттің негізгі элементі ретінде ұйғыр тілін қорғау, оның қолданылу аясын кеңейту және дамытуды қамтамасыз ету бойынша кешенді әрі мақсатты жұмыстар жүргізу;
  • халықтың тарихын, тілін, мәдениетін, салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын сақтау және дамыту;
  • конфессияаралық және этносаралық қатынастар мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын, сондай-ақ мемлекеттің ұлттық саясатының теориясы мен практикасын түсіндіру;
  • мәдени және тарихи ескерткіштерді зерттеу және қорғау, Қазақстан халықтарының озық салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын жаңғырту бойынша жұмыстар жүргізу;
  • ана тілін міндетті түрде білуге жәрдемдесу, мемлекеттік тілді үйрену қажеттілігін түсіндіру және оны меңгеруге тиісті жағдайлар жасауға ықпал ету;
  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік ұлттық саясатының іске асырылуына жергілікті жерлерде қоғамдық бақылауды жүзеге асыруға жәрдемдесу;
  • Бірлестіктің Жарғысы шеңберінде қоғамдық ұйымдармен және мемлекеттік органдармен байланыс орнату және оны қолдау;
  • ғылыми және мәдени ақпарат алмасу, халықаралық конференциялар мен басқа да мәдени іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу мақсатында ТМД республикаларындағы ұйғырлармен, сондай-ақ алыс және жақын шетелдерде тұратын ұйғырлармен байланыстар орнату және дамыту жөнінде шаралар қабылдау;
  • баспа басылымдарын құру;
  • орта арнаулы және жоғары оқу орындарын, академияларды құру;
  • Бірлестік тек Жарғыда көзделген қызмет түрлерін жүзеге асырады.