
Мучураев Ахмад Султанович
«Жетісу облысының «Вайнах» қоғамы — шешен-ингуш этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы
Бірлестіктің қызметінің мәні:
- жетім балалардың құқықтары мен мүдделерін басқа тұлғалардың негізсіз әрекеттерінен қорғау;
- дауларды сотқа дейінгі және сот тәртібімен шешу;
- сотта өкілдік ету;
- жарғылық мақсаттарды іске асыру үшін басқа да үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық орнату.
Алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін Бірлестік:
- ұлттық мәдениеттердің, ұлттар мен этностардың өзара рухани байытылуына жәрдемдеседі;
- облыстың барлық аумағында тұратын шешендер мен ингуштарды қоғамдық өмірдің барлық салаларындағы демократиялық өзгерістер үдерісіне белсенді түрде тартады;
- шешендер мен ингуштардың озық ұлттық салт-дәстүрлерін жаңғыртуға, сақтауға және дамытуға, ұлттық сана-сезімді қалыптастыруға, халық тарихын зерделеуге бағытталған мәдени-ағартушылық қызметті жүзеге асырады;
- Қазақстандағы және шетелдегі басқа да мәдени орталықтармен тығыз ынтымақтастық орнатуды мақсат етеді;
- азаматтардың рухани дамуы, денсаулығын қорғау және бос уақытын ұйымдастыру салаларындағы кешенді бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысады;
- бұқаралық ақпарат құралдары, театр, көркемөнерпаздар шығармашылығы, шығармашылық бірлестіктер мен клубтардың қызметі арқылы басқа ұлттар мен этностардың өкілдерін шешендердің тарихымен, мәдениетімен және өнерімен кеңінен таныстырады;
- шешен-ингуш халқын қазақ халқының тарихымен, мәдениетімен, салт-дәстүрлерімен, сондай-ақ Қазақстандағы басқа этностардың мәдениетімен таныстырады;
- осы өңірдегі шешен-ингуш этносының мәселелерін жан-жақты зерделейді және оларды мемлекеттік және қоғамдық ұйымдармен бірлесіп уақтылы шешуге ықпал етеді;
- Қазақстан Республикасының Конституциясына қатаң сәйкестікте құқықтар мен мүдделердің қорғалуын қамтамасыз етуге жәрдемдеседі;
- шешен тілін және әдебиетін үйрену бойынша үйірмелер ұйымдастырады, мектепке дейінгі ұйымдар мен мектептерде шешен тілі мен әдебиетін оқыту ісіне жан-жақты көмек көрсетеді. Мемлекеттік ұйымдармен бірлесіп ұлттық тілдің, мәдениеттің, ұлттық салт-дәстүрлердің сақталуы мен дамуына қатысты мәселелерді шешеді;
- жастардың халық шығармашылығы және көркемөнерпаздар шығармашылығы бойынша әуесқой ұжымдарын құрады, оларды бұқаралық мәдени-ағартушылық іс-шараларға қатысуға тартады, конкурстар мен басқа да іс-шаралар өткізеді;
- мәдени демалысты ұйымдастыруға, үйірмелік және клубтық жұмыстарды жүргізуге арналған көрме залдарын, кітапханалар мен студияларды құру жөнінде ұсыныстар енгізеді.