
ИСАБАЕВ БЕЙБІТ ӨКСІКБАЙҰЛЫ
ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Игенбай Айдос Назкенұлы
“Жетісу облысының ішкі саясат басқармасы” ММ “Қоғамдық келісім” КММ басшысы
Игенбай Айдос Назкенұлы 1988 жылғы 18 қаңтарда Жетісу облысы Талдықорған қаласында дүниеге келген. Жоғары білімді.
2010 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Әлеуметтану» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2012 жылы аталған оқу орнында әлеуметтік білім магистрі дәрежесін алған. Орыс тілінде еркін сөйлейді.
Еңбек жолын қаржы саласында бастап, кейін ғылыми-педагогикалық қызметке ауысты. 2013–2016 жылдары І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің философия және саясаттану кафедрасында оқытушы, кейін аға оқытушы болып еңбек етті. Сонымен қатар, «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығында» талдау және мониторинг бөлімінің маманы, кейін директордың орынбасары және директордың міндетін атқарушы қызметтерін атқарды.
2018 жылы Алматы облысының ішкі саясат басқармасына қарасты «Талдау және болжау орталығының» басшысы болып тағайындалды. Кейін Алматы облысының Дін істері басқармасына қарасты зерттеу орталығында бөлім бастығы қызметін атқарды.
2021 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінде бас сарапшы, кейін этномәдени бірлестіктермен өзара іс-қимыл басқармасының басшысы қызметтерін атқарды. Одан кейін Дін істері комитетінде оңалту жұмыстары мен өңірлік үйлестіру бағыттары бойынша бас сарапшы ретінде еңбек етті.
2026 жылы Жетісу облысының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды. 2026 жылғы 12 маусымнан бастап Жетісу облысының ішкі саясат басқармасына қарасты «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы қызметін атқарып келеді.