
Файзулина Эльмира Рафиковна
«Туган тел» татар мәдениеті орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы
Этномәдени бірлестіктің қызмет мазмұны:
- ана тілін, татар әдебиеті мен тарихын оқып-үйренуге және жетілдіруге арналған үйірмелер мен курстар ұйымдастырады;
- музыка және хор өнері жетекшілерін, көркемөнерпаздар ұжымдарын даярлау мәселелерін шешеді;
- араб әліпбиін үйренуге арналған арнайы үйірме ұйымдастырады. Бұл үйірме араб әліпбиімен жазылған татар классиктерінің шығармаларын оқып-үйренуге мүмкіндік береді;
- сахналық, вокалдық-хореографиялық өнер бағыттары бойынша көркемөнерпаздар ұжымдарын құрады, олардың көпшілік алдында өнер көрсетуін ұйымдастырады, таланттарды анықтау мақсатында конкурстар мен басқа да іс-шаралар өткізеді және анықталған дарынды жастардың шығармашылық ұжымдардың құрамын толықтыруына ықпал етеді; аса талантты жастардың арнаулы білім алуына жәрдемдеседі; кітапханалар, оқу залдары, татар халқының өнер туындылары көрмелерін, ұлттық тарихи-өлкетану және этнографиялық музей құру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
- музыка және ән айту үйірмелерін ұйымдастырады, татар музыкасы мен әндерін үйренуге ниет білдірген барлық азаматтарды осы үйірмелерге тартады;
- татар халқы арасында қазақ тілін үйренуге жәрдемдеседі;
- «сталиндік режим» кезеңінде Қазақстанға жер аударылған және қуғын-сүргінге ұшыраған татар этносы өкілдерін ақтау және олардың жақсы есімдерін қалпына келтіру бойынша іздестіру жұмыстарын жүргізеді;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қызмет түрлерін жүзеге асыруға жәрдемдеседі.