
Чингаева Бакыт Кененсарықызы
Жетісу облысының медиация кеңесінің төрағасы
Медиация кеңесінің мақсаты – Қазақстан Республикасында қоғамдық келісімді қамтамасыз етуде медиация институтын дамыту болып табылады.
Міндеттері:
- қоғамдық келісім саласында Медиация стратегиясын әзірлеу;
- қоғамдық келісім саласындағы медиация бойынша құрылымдар қызметін үйлестіру және жүйелеу;
– медиация бойынша этномәдени бірлестіктердің қызметін ақпараттық және әдістемелік қамтамасыз ету;
– этносаралық қатынастар саласындағы медиация бойынша отандық және шетелдік тәжірибені зерделеу, медиация бойынша тәжірибені жетілдіру.
Медиация кеңесі 2016 жылы құрылған. Кеңестің құрамы мемлекеттік органдардың, медиацияның қоғамдық ұйымдарының және басқалардың өкілдері қатарынан қалыптастырылады.
Қазіргі таңда Жетісу облысы бойынша 1 облыстық деңгейде медиация кабинеті Достық үйінде және 2 қалалық, 8 аудандық 5 ауылдық деңгейде – жалпы 15 медиативтік алаңдары аудан, қала әкімдіктері мен сот ғимараттарында ашылған. Облыс аумағында 3 кәсіби медиатор қызмет атқаруда. Сонымен қатар, аудандық және қалалық әкімдіктердің реестрлерінде 82 қоғамдық медиатор тіркелген. Медиация институтын дамыту бойынша бірқатар шаралар ұйымдастырылып, жүзеге асуда.