2024 жылдың 27 тамыз күні Алакөл ауданы Үшарал қаласы Зейнеп Қойшыбаева атындағы мәдениет үйінде Жетісу облыстық қоғамдық даму басқармасы, «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі және облыстық Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Ақ Отауға – ақ бата» форумы аясында «Ана – шаңырақтың шамшырағы» облыстық байқауы өтті. Байқауға 25–50 жыл отасқан, барлығы 15 ерлі зайыптылар қатысты.
Байқаудың мақсаты:
- Отбасында өзара келісім мен рухани сыйластықты нығайту.
- Бір шаңырақ астында берекелі өмір сүрудің маңыздылығын арттыру.
- Көп жылдар отасып, ұрпақ тәрбиелеп отырған ерлі-зайыптыларды үлгі етіп, отбасы мен неке құндылықтарын ұрпаққа насихаттау.
Байқаудың міндеті: 25 – 50 жыл бірге отасқан жұбайларды құрметтеу. Үлгілі отбасының бейнесін көрсету, ұлттық құндылықтарды, салт-дәстүрді жас ұрпаққа кеңінен дәріптеу.
Байқау 3 кезең бойынша өтті.
Бірінші кезең: «Отбасым – мақтанышым» (таныстыру)
Екінші кезең: «Өнерлінің өрісі кең» әрбір қатысушы отбасы өздеріне
алдын ала арнайы берілген үй тапсырмасын орындайды (көрініс, қойылым
ретінде);
Үшінші кезең: «Ата мұраң – асыл қазынаң»– қатысушылар қазақтың салт-дәстүрлеріне байланысты сұрақтарға жауап берді.
Байқаудың қорытындысы бойынша қатысушылар жүлделі орындарға ие болып, ақшалай сыйлықтармен және дипломмен марапатталды
Бас жүлде – Алакөл ауданы – 150 000 теңге.
І ОРЫН – Кербұлақ ауданы – 100 000 теңге.
ІІ ОРЫН – Панфилов ауданы – 80 000 теңге.
ІІІ ОРЫН – Қаратал ауданы – 50 000 теңге.
Ақсу, Көксу, Сарқан аудандары мен Талдықорған қаласы Ынталандыру жүлдесімен марапатталды.



