2024 жылғы 25 сәуірдегі ҚХА ХХХІІІ сессиясында берілген Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К.Тоқаевтың тапсырмаларын іске асыру бойынша 19 қыркүйек күні Жетісу облысының Аналар кеңесі «Салауатты сана» жобасын іске асыру мақсатында отырыс өткізді. Бұл жоба нашақорлық, лудомания (құмар ойындар), отбасы мен қоғамдағы зорлық-зомбылық, вандализм және ысырапшылдықпен күрестің алдын алуға бағытталған. Отырыста 5 әлеуметтік кемшіліктерге қарсы тұру, жою, қоғамға келтіретін зиянын түсіндіру, көпшіліктің назарын аудару және бірге күресу жолы талқыланды.


