Skip to content
Главная страница » 🖼 ‼️ «Адал азамат» жобасы – жас ұрпаққа өнеге!…

🖼 ‼️ «Адал азамат» жобасы – жас ұрпаққа өнеге!…

‼️ «Адал азамат» жобасы – жас ұрпаққа өнеге!

2025 жылғы 20 мамыр күні Жетісу облыстық Ақсақалдар кеңесі төрағасының орынбасары Құрметбек Сансызбайұлы Талдықорған қаласындағы МДШО бар Сайын Мұратбеков атындағы №9 орта мектеп оқушыларымен кездесу өткізді.

🔻 Кездесу «Адал азамат» жобасы аясында өтті және оқушыларға адалдық, адамгершілік, еңбекқорлық, үлкенге құрмет, кішіге ізет сынды құндылықтарды насихаттауға бағытталды.

Шара барысында Құрметті ақсақал жасөспірімдермен еркін форматта сұхбаттасып, өзінің өмірлік тәжірибесімен бөлісті. Жастарға адал болудың, қоғамға пайдалы азамат болып қалыптасудың маңызы жайлы тағылымды ойлар айтты.

Бұл жоба – тәрбие мен рухани дамудың нақты үлгісі.
Адал азамат – елдің тірегі!

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *