Талдықорған қаласында биыл еліміз бойынша алғаш рет «Азаматтық қоғам 2.0: Мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ арасындағы өзара іс-қимылдың инновациялық модельдері – өңірлік дамудың драйвері» тақырыбында ауқымды азаматтық форум өтуде.
‼️Форумға Алматы, Астана, Шымкент қалалары мен еліміздің басқа да өңірлерінен мемлекеттік құрылымдардың өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар, сарапшылар мен белсенді азаматтар қатысуда.
Екі күнге созылатын форумның басты мақсаты – мемлекеттік және азаматтық сектор арасындағы әріптестіктің жаңа үлгілерін талқылау және өңірлердің тұрақты дамуына арналған тиімді шешімдерді іздеу.
👤Форумның ашылу салтанатында Жетісу облысы әкімінің орынбасары Диас Есдәулетов құттықтау сөз сөйлеп, өңірде азаматтық бастамаларды қолдаудың маңыздылығын атап өтті.
Video is too big