Жетісу облысы – бірлік пен келісім өлкесі🤗
2022 жылы құрылған Жетісу облысы – ежелгі тарих пен заманауи дамудың тоғысқан өлкесі.
Осы үш жыл ішінде Қазақстан халқы Ассамблеясы аймақтағы бейбітшілік пен қоғамдық келісімді нығайту бағытында бірқатар ауқымды жобаларды жүзеге асырды.
🔹 «Бірлік – дамудың негізі» атты облыстық сессияларда этносаралық татулықты сақтау жолдары мен өңірлік даму мәселелері талқыланып, нақты шешімдер қабылданды.
🔹 «Достық аллеясы», «Алғыс керуені», «Таза Қазақстан» экологиялық жобалары – бұл қоғамдағы мейірім мен ортақ жауапкершілікті арттырған бастамалар.
🔹 100-ден астам этномәдени іс-шара, көрмелер, форумдар мен тілдік курстар — мәдениет пен келісім алаңына айналды.
📌 Қоғамдық келісімді нығайту жолында жүйелі жүргізілген жұмыстар Жетісу өңірінің гүлденуіне айрықша үлес қосып келеді.
Жетісу – бірліктің бесігі!
Ассамблея – келісімнің тірегі!
Сіздің браузер бейнені қолдамайды.