🎉 САБАНТУЙ – 2025 ТАЛДЫҚОРҒАНДА ӨТТІ!
⠀
14 маусым күні Талдықорған қаласының Орталық жағажайында ұлттық рухқа, шаттыққа және татулыққа толы Сабантой мейрамы жоғары деңгейде ұйымдастырылды!
🔹 Бұл — көктемгі егін науқанының аяқталуын тойлайтын татар халқының ежелгі әрі қуанышты мерекесі.
🔹 Мереке – түрлі жастағы адамдарды біріктіріп, дәстүр мен еңбекті ұлықтайтын нағыз халықтық шараға айналды.
🎊 Бағдарламада:
– Көтеріңкі көңіл-күй мен ұлттық ойындар
– Жастан кәріге дейін қызыға қатысқан жарыстар:
қаппен күрес, арқан тартыс, бағанға өрмелеу, катык ішу жарысы және тағы басқалар
– Балаларға арналған қызықты конкурстар
– Ұлттық тағамдар жәрмеңкесі
– Креативті концерт пен көңілді би, ән-күй
🏆 Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды, ал келген қонақтар татар қонақжайлылығын толық сезінді!
🎶 Сабантой – халықтың бірлігі мен достығының жарқын көрінісі болды!