Skip to content
Главная страница » 🎬 🎬 АШЫҚ АСПАН АСТЫНДА КИНО КЕШІ ӨТТІ!…

🎬 🎬 АШЫҚ АСПАН АСТЫНДА КИНО КЕШІ ӨТТІ!…

🎬 АШЫҚ АСПАН АСТЫНДА КИНО КЕШІ ӨТТІ!

19 маусым күні Талдықорған қаласындағы Достық үйінің алаңында жұлдызды аспан астында ерекше кино кеш ұйымдастырылды.

Ашық аспан аясында өткен бұл шарада көрермендер қазақ комедиясының жаңа бөлімі — «Келінжан 3» фильмін тамашалады. Күлкі мен өмірдің шынайы сәттеріне толы туынды көрермендерді бір сәтке болса да күнделікті күйбең тіршіліктен алшақтатып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

📽️ Үлкен экранда көрсетілген фильм қала тұрғындары мен қонақтарының зор қызығушылығына ие болды.
🎉 Осындай кештер — қала тұрғындарының мәдени демалысын әрлеп, ортақ естеліктерге толы сәттерді бірге өткізуге мүмкіндік береді.


Сіздің браузер бейнені қолдамайды.

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *