Skip to content
Главная страница » Әнші Құм

Әнші Құм

1800-ден астам өсімдік түрі бар, 56 жануар түрі мекендейтін олардың көбісі Қызыл кітапқа енген Қазақстанның көрікті мекендерінің бірі Алтынемел ұлттық саябағында жатқан Әнші Құм немесе Айғай құм  әлемдегі ең ерекше мекендердің бірі және ол  Жетісу облысы аумағында Үлкен Қалқан мен Кіші Қалқан тауларының арасында, Іле өзенінің аңғарында орналасқан. Құм төбесінің ұзындығы шамамен 3 шақырымды, ал биіктігі 120–150 метрді құрайды.

Айғайқұмның басты ерекшелігі — жел соққанда немесе адамдар құм бетімен қозғалған кезде шығатын ерекше дыбысы. Құрғақ құм қозғалысқа түскен сәтте әуен пайда болады. Бұл дыбыс кейде қобыздың, кейде барабанның немесе алыстан естілетін орган үніне ұқсайды. Ғалымдардың пікірінше, мұндай құбылыс құм түйіршіктерінің өте құрғақ күйде бір-бірімен үйкелісуі мен резонанс тудыруы нәтижесінде пайда болады делінген.

Құм төбесі жүздеген жылдар бойы қандай табиғи дауыл, жел, боран соқса да адамдар таптап жүріп өтсе де қайтадан өз қалпына келіп пішіні өзгермейтіндігімен ерекшеленеді. Осы қасиеті оны геологтар мен табиғат зерттеушілер аса құнды нысан деп бағалаған.

Әнші Құм туралы халық арасында түрлі аңыз-әңгімелер де кең таралған. Ел аузындағы әфсаналарда бұл жерден шығатын дыбыс ежелгі көшпенділердің немесе батырлардың рухының үні ретінде сипатталады. Мұндай аңыздар Айғай құмның тарихи және рухани маңызын арттыра түседі.

Бүгінде Әнші Құм — Алтынемел ұлттық паркінің ең танымал туристік нысандарының бірі. Жыл сайын бұл жерге көптеген отандық және шетелдік туристер келіп, табиғаттың ғажайып құбылысын өз көзімен көріп, құмның «әнін» тыңдайды. Айғай құм — Жетісу өңірінің табиғи мұрасын танытатын бірегей ескерткіш.

Пікір қалдырыңыз