Ағымдағы жылдың 12-13 тамыз күндері «Қоғамдық даму басқармасы» ММ «Қоғамдық келісім» КММ-сі мен «Дос.kz» «Әлеуметтік еріктілер орталығы», «Облыстық орыс орталығы» қоғамдық бірлестіктерінің ұйымдастыруымен «DosCamp.kz»: «ДОСТЫҚ КӨПІРІ» онлайн лагері өткізілді. Легерьге 150 бала қатысты. Көп балалы, толық емес отбасылардан шыққан дарынды және мүгедек балаларға оларды қолдау мақсатында барлық қажетті техникалық жағдай жасалды. Лагерьдің мақсаты: оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, өлкетануға, ғылыми-зерттеуге деген қызығушылықтарын арттыру және дамыту, жеке тұлға ретінде жасөспірімдер мен жастардың кәсіби бағдарын қалыптастыру. Түрлі деңгейдегі онлайн экскурсиялар, викториналар, байқаулар өткізілді. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайына, Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайына, Корней Чуковскийдің үй мұражайына, Ықылас Дүкенұлы атындағы Қазақ ұлттық аспаптарының мұражайына, Эрмитажға және Текелі қаласының тарихи орындарына онлайн-экскурсиялар жасалды.
15 тамыз күні Достық үйінде Талдықорған қаласының 80 жылдығына арналған «DosCamp.kz» «Достық көпірі» онлайн лагері аясында интеллектуалды ойыны өтті. Ойынға № 1,4,7,8,12 орта мектептерінің оқушыларынан жинақталған жалпы 6 команда қатысты.
Ойынның қорытындысы бойынша балалар дипломмен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
І орын – «Высшая лига» командасы
ІІ орын – «Жетiсу» командасы
ІІІ орын – «Самал» командасы
IV орын – «Удар к славе» командасы
V орын – «Интеллектуальный микс» командасы
VI орын – «Небесный патруль» командасы
Ойынға белсене қатысқан оқушылар да дипломмен, сыйлықтармен марапатталды.



