Ағымдағы жылдың 28 тамыз күні сағат 11.00-де Достық үйде «Жетісу облыстық қоғамдық даму басқармасы» ММ, «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен🇰🇿 Қазақстан Республикасы Конституциясы🇰🇿 күніне арналған «Айбары асқақ-Ата заң» облыстық форумы өтті.
Ата заң – ұлтаралық татулықтың алтын діңгегі. Қоғам мен биліктің тұрақтылығын қамтамасыз етіп қана қоймай, Қазақстанның әлем таныған мемлекетке айналуына оң ықпал жасап келеді. Бүгінде 130-дан аса ұлт пен ұлыстың басын біріктіріп, бейбіт өмір сыйлаған тәуелсіз елдің басты заңы бірлік пен берекенің кепілі болып отыр.
Форумда Талдықорған индустриалық колледжінің директоры А.К.Жумадилов, «Облыстық орыс орталығы» қоғамдық бірлестік төрағасы Л.Л.Котельникова, «Облыстық корей этномәдени бірлестігі» төрағасы В.Л.Ли, 5514 әскери бөлімінің капитан А.М. Ерденов сөз сөйлеп, барша қатысушыларды еліміздің Ата заңы-Конституция күнімен құттықтады.
Шара соңында Спикерлер мен этномәдени бірлестіктердің белсенділері марапатталды.



