Skip to content
Главная страница » Ағымдағы жылдың 4 қыркүйек күні Достық үйінде «Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы» ММ «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен…

Ағымдағы жылдың 4 қыркүйек күні Достық үйінде «Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы» ММ «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен…

Ағымдағы жылдың 4 қыркүйек күні Достық үйінде «Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы» ММ «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен Мемлекеттік тілді еркін меңгерген этнос өкілдері арасында «Мемлекеттік тіл-достықтың алтын көпірі» облыстық байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты мемлекеттік тілді насихаттау және оның ұлтаралық қатынас тілі ретінде күнделікті өмірде қолданылуы, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту; Қазақстан халқының бірлігі мен қоғамдағы этносаралық келісімді нығайту; Мемлекеттік тілдің этносаралық қатынас тілі ретіндегі рөлін күшейту үшін басқа этнос жастары арасында оның мәртебесі мен маңыздылығын арттыру.
Байқаудың қорытындысы бойынша қатысушылар жүлделі орындарға ие болып, ақшалай сыйлықтармен және дипломмен марапатталды
Бас жүлде – Мухамедгариев Нияз (Ақсу ауданы) – 120 000 теңге
І ОРЫН – Ушакова Вера (Ақсу ауданы) – 100 000 теңге
ІІ ОРЫН – Ташибаева Мадина (Алакөл ауданы) – 90 000 теңге
ІІІ ОРЫН – Важитова Амина (Қаратал ауданы) – 70 000 теңге
Қалған қатысушылар Алғыс хаттармен ынталандыру сертификаттарымен марапатталды.

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *