🔹Ағымдағы жылдың 5 мамыр күні Талдықорған қаласында Есірткі қылмысына қарсы профилактика жөніндегі Кеңес төрағасының орынбасары Е.Е. Ақболатовтың бастауымен кеңес мүшелері және Жетісу облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен бірлесе отырып «Біз есірткіге қарсымыз!» атты акциясын ұйымдастырды.
‼️Акция барысында Талдықорған қаласының тұрғындары мен қонақтары арасында есірткіге қарсы имунитетті қалыптастыру мақсатында күнделікті қолданыстағы мобилді ұялы телофондар үшін арнайы стикерлер таратылды. Жалпы саны 500 адам қамтылды.
Стикерлерде “Есірткіге жол жоқ”, “Есірткі өміріңді улайды” деген және т.б. жазбалар жазылған.
📌Бұл шараның негізгі мақсаты қала тұрғындарын, қонақтарын, соның ішінде жасөспірімдердің қоғамдағы есірткіге қарсы проблемаға халықтың, қоғамның назарын аудару болып табылады.
Сіздің браузер бейнені қолдамайды.