Skip to content
Главная страница » Ақсақалдар

Ақсақалдар

Жетісу облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының

жанындағы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы

Келемсеиіт Ермек Әбілмәжінұлы

1952 жылы 22 сәуірде Алматы облысы Панфилов ауданы, Айдарлы ауылында дүниеге келген. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің бірінші және екінші шақырылымдарының депутаты. 2004 жылдың қантар және қыркүйек айлары аралығында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министірлігінің орман және аң шаруашылғы комитетінің төрағасы.

2005-2012 жылдары Алматы облысы Панфилов ауданының әкімі. 2012 жылдың маусым айынан қараша айына дейін Алматы облысы әкімінің кеңесшісі. 2012 жылдың 28 қазанында Алматы облыстық мәслихаттың V шақырылымының депутаты болып сайланды.

2012 жылдың 14 қарашасынан бастап Алматы облыстық мәслихатының хатшысы.

Қазақстан Республикасының «Құрмет» орденімен, көптеген медальдармен марапатталған.

2023 жылдан бастап Жетісу облыстық ҚХА жанындағы Ақсақалдар кеңесі қызметінің төрағасы.

Жетісу облысында 126 Ақсақалдар кеңестері, оның  ішінде, 1 облыстық, 2 қалалық, 8 аудандық, 115 ауылдық  деңгейде кеңестер жұмыс істейді. Мүшелер саны 138 адам. Олар этномәдени орталықтардың өкілдері, ардагерлер, үкіметтік емес ұйымдар, кәсіподақ өкілдері және ауылдық округ әкімдері мен  полицияның учаскелік инспекторлары бар.

Қазақстан халқы Ассамблеясының жанындағы Ақсақалдар кеңесінің мақсаты – мемлекеттік органдарға, азаматтық қоғам институттарына қазақстандық бірегейлікті нығайтуға, азаматтарды қоғамдық келісім мен бірлік құндылықтары төңірегінде шоғырландыруға жәрдемдесу.