📍 Алакөл ауданында этномедиация тақырыбындағы кездесу өтті
2025 жылғы 18 шілдеде Үшарал қаласында этномедиация бағыты бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында Алакөл ауданының тұрғындарымен кездесу өтті.
🤝 Кездесудің мақсаты – этносаралық қатынастардағы медиацияның маңызын арттыру, этномедиация тетіктерін насихаттау және қоғамдық келісімді сақтау жолында тәжірибе алмасу.
🔹 Модератор:
Болатқызы Жанар – «Қоғамдық келісім» КММ аға сарапшысы, ҚХА жанындағы этномедиация кеңесінің хатшысы.
🎤 Спикерлер:
▪️ В. Т. Енсеева – кәсіби медиатор, әлеуметтік зерттеулер бөлімінің басшысы
▪️ Қ. М. Қалиева – Сарқан аудандық Аналар кеңесінің төрайымы
▪️ Ұ. Б. Дюсебаева – Алакөл аудандық Аналар кеңесінің төрайымы
▪️ А. А. Есенбеков – «Алакөл» газетінің бас редакторы
💬 Кездесуде көтерілген тақырыптар:
• Этномедиация – этносаралық келісімнің құралы
• Қоғамдық медиаторлар тәжірибесі
• Аналардың диалог орнатудағы рөлі
• БАҚ пен әлеуметтік желідегі араздық тіліне қарсы тұру
📢