Жетісу облыстық «Ассамблея жастары» ҚБ
«Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігі ҚР Президенті, ҚХА Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021 жылғы 21 қазанда ҚХА Кеңесінің кеңейтілген отырысында берген тапсырмасына сәйкес құрылды.
«Ассамблея жастары» РҚБ-нің мақсаты – жастардың құқықтарын қорғау, әлеуметтік, экономикалық және мәдени мүдделерін қамтамасыз ету. Ұйым Қазақстанның түрлі этностары арасында достық, ынтымақтастық пен келісімді нығайтуға бағытталған.
2025 жылдан бастап Жетісу облысында құрамында 214-тен аса белсенді мүшесі бар «Ассамблея жастары» қоғамдық бірлестігі өз қызметін белсенді түрде жүргізіп келеді. Аталған бірлестік өңірдегі жастардың қоғамдық өмірге белсене араласуын қамтамасыз ету, ел ішіндегі татулық пен келісімді нығайту, сондай-ақ әлеуметтік жауапкершілік пен азаматтық ұстанымды қалыптастыру бағытында кешенді жұмыстар жүргізуде. Бірлестік құрамына 34 облыстық және 180 аудандық деңгейдегі жас көшбасшылар кіреді, олар жергілікті жерлерде түрлі қоғамдық бастамаларды іске асырып, жастар ортасында Қазақстан халқы Ассамблеясының қағидаттарын – татулық, бірлік, өзара құрмет пен толеранттылықты кеңінен насихаттауға өз үлестерін қосып келеді.
Ассамблея жастарының шығармашылығын қолдау және олардың заманауи мәдениетке деген қызығушылығын арттыру мақсатында арнайы кабинет құрылды. Бұл кабинет – жастар үшін жан-жақты және ыңғайлы жұмыс орнын қамтамасыз ететін кешенді платформа. Қазіргі заманғы техникалық құралдармен жабдықталған кабинет жастардың түрлі іс-шараларын, тренингтерін және семинарларын жоғары деңгейде өткізуге барлық қажеттіліктерді ұсынады.



