Skip to content
Главная страница » Ата Заң — елдіктің арқауы: Этномәдени бірлестіктер маңызды өзгерістерді талқылады

Ата Заң — елдіктің арқауы: Этномәдени бірлестіктер маңызды өзгерістерді талқылады

Жаңа Конституция аясындағы реформалар — ел дамуының жаңа белесі. Бүгін Жетісу өңірінің этномәдени бірлестіктері мен қоғамдық құрылымдарының активі ZOOM форматында мазмұнды басқосу өткізді.

Жиынға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары М. Әзілханов қатысып, Ата Заңға енгізілген түбегейлі өзгерістердің мән-жайын түсіндірді.
Адам — мемлекеттің басты құндылығы
Кездесудің негізгі өзегі адам құқықтары мен қоғамдық келісімді нығайту мәселелері болды. Қатысушылар Жаңа Конституцияның халық үніне құлақ асатын мемлекет құрудағы рөлін жоғары бағалады.

Талқылаудың басты бағыттары:
Адам және оның құқықтары: Конституцияның басты бағдары — азаматтардың құқықтық қорғалуын күшейту.
Қоғамдық келісім: Ұлтаралық татулықты сақтаудың жаңа конституциялық кепілдіктері.
Азаматтық қоғам: Мемлекеттік басқару ісіне қарапайым халық пен қоғамдық ұйымдардың қатысуын арттыру.

Ашық пікір — ортақ жауапкершілік
Кездесу барысында белсенділер тек тыңдаушы болып қана қоймай, өз ойларын еркін ортаға салды. Өзекті сұрақтарға нақты жауаптар беріліп, алдағы жұмыс жоспарлары пысықталды.

Нұрай Үсен

Пікір қалдырыңыз