Skip to content
Главная страница » Біз туралы

Біз туралы

Қазақстан халқы Ассамблеясы – еліміздегі бейбітшілік пен ұлтаралық келісімді нығайтудың бірегей институты. Бұл құрылымның негізін қалаушы – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.Ассамблея 1995 жылы 1 наурызда Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылды. Ол өзінің алғашқы сөзінде:«Біздің басты байлығымыз – бірлік пен келісім. Бұл – Тәуелсіз Қазақстанның іргетасы», – деп атап өткен еді. 2009 жыл –Ассамблеяның мәртебесі жаңа деңгейге көтерілді:«Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» заң қабылданды (20 қазан 2008, күшіне енуі – 2009 жылдың 1 қаңтары) Заң арқылы Ассамблеяның құқықтық мәртебесі, құрылымы мен өкілеттіктері нақты бекітілдіБұл қадам Ассамблеяны мемлекеттік басқару жүйесінің маңызды бөлігіне айналдырды.

Қазіргі уақытта облыс әкімі – Исабаев Бейбіт Өксікбайұлы Жетісу облысының ҚХА төрағасы болып табылады.

Облыстық ҚХА-нің құрамына 24 адам кіреді. Ассамблея Төрағасы құрамды облыста ғана емес, республикада да ұлттық-мәдени және қоғамдық бірлестіктердің белгілі көшбасшылары, сондай-ақ қоғамдағы беделі мен қоғамдық-саяси белсенділігін ескере отырып, басқа да өкілдер қатарынан қалыптастырады.

Облыстық Ассамблея мүшелері қатарында «Парасат», «Құрмет», «Ерен еңбегі үшін» ордендерімен және Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік» Алтын медалімен марапатталған азаматтар бар.

“ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ” КММ облыстық ҚХА жұмысын үйлестіреді.

2008 жылдың қараша айында Талдықорған қаласының әкімшілік орталығында республикада алғашқылардың бірі болып арнайы жоба бойынша Достық үйі салынды, онда облыстың барлық этномәдени бірлестіктері жұмыс істейді, оның қабырғаларында этносаралық келісімді, қоғамдық тұрақтылықты сақтау және қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру бойынша үлкен жұмыстар жүргізілуде.

Ғимарат 3 қабаттан тұрады, жалпы ауданы 4 мың шаршы метрден асады. Мұнда облыстық этномәдени орталықтардың және шығармашылық ұжымдардың жұмысына барлық жағдай жасалған. Атап айтқанда: ЭМБ кеңселері, мемлекеттік тілді оқыту орталығы, медиация орталығы, 3 би залы, 180 орындық акт залы, конференц-зал, заманауи аппаратурамен жабдықталған дыбыс жазу студиясы, ұлттық киімді сақтауға арналған костюм бөлмесі, 50 адамға арналған кафе бөлмесі бар.

 Қазіргі уақытта облыста 70-ке жуық этнос өкілдері тұрады. Тығыз орналасқан – орыс, ұйғыр, азербайжан, корей, татар, шешен және тағы басқа өкілдер бар . Олардың барлығында өздерінің ұлттық мәдениетін, ана тілін, дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын сақтау және дамыту үшін жағдайлар бар.

 Жалпы, облыстық этномәдени бірлестіктер саны- 22, олардың облыстық филиалдары – 15, аудандық – 6 және қалаларда – 1 жұмыс істейді, олар әртүрлі этностардың өкілдерін біріктіреді.

Жыл сайын облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиялары өткізіліп, тоқсанына бір рет облыстық Ассамблея Кеңесінің отырыстары ұйымдастырылады.