‼️Бүгін Жетісу облысы ҚХА жанындағы Талдықорған қалалық Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында, «Аналар күніне» орай «Ана – өмір шуағы» мерекелік шарасы өтті.
🔹Іс-шара барысында Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары Андабеков Жеңіс Саятбекұлы құттықтау сөз сөйлеп, аналардың қоғамдағы орны мен маңыздылығына тоқталды.
🔹Сонымен қатар, ақын, жазушы, журналист, Қазақстан Жазушылар одағы мен Журналистер одағының мүшесі, халықаралық «Алтын қалам» әдеби сыйлығының иегері Айдын Кәлімхан мерекеге қатысып, аналарға жүрекжарды тілегін білдірді.
📌Мерекелік шара аясында көрермендер назарына әсерлі «Ана» драмасы ұсынылды. Көркем қойылым ананың мейірімі мен рухани күшін терең бейнелеп, көпшіліктің жүрегінен орын алды.
🔻Шараға әр аудан, қалалардан Аналар кеңестерінің төрағалары мен мүшелері қатысты.