Еркебұлан Ешмұхамбетұлы Ақболатов
1994 жылы туған, білімі жоғары. У.А.Жолдасбеков атындағы экономика және құқық академиясын құқықтану мамандығы бойынша бітірген, заң ғылымдарының магистрі.
Еңбек жолын Алматы облысы сот актілерін орындау Департаментінің баспасөз хатшысы ретінде бастаған. Кейін Алматы облысы Әділет департаменті Атқарушылық іс жүргізуді қамтамасыз ету басқармасының инспекторы, Алматы облысы Әділет департаментінің атқарушылық іс жүргізуді есепке алу және бақылау бөлімінің бас маманы, «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» ЖК Алматы облыстық филиалының консультанты, «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» ЖК Алматы облыстық филиалының өкілі, «Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы» ММ «Jetisý jastary» КММ директорының орынбасары,
2024 жылдың сәуірінен бүгінгі күнге дейін «Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы» ММ «Jetisý jastary» КММ директоры лауазымында қызмет атқарды.