🌿 «Достық» аллеясы ашылды!
1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні және Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай, «Достық Аллеясының» ашылу салтанаты мен уақыт капсуласын орнату рәсімі табысты өтті!
✨ Шара мақсаты — еліміздегі этносаралық келісім мен бірлікті дәріптеу, бейбіт өмірдің маңызын ұрпаққа ұғындыру.
🤝 Іс-шараға Жетісу облысы әкімінің орынбасары, Ассамблея мүшелері, этномәдени бірлестіктер, жастар ұйымдары мен қала тұрғындары қатысты.
🌳 Қонақтар ағаш отырғызып, жастармен бірге болашаққа үндеу жазылған уақыт капсуласын орнатты.
Бұл күн — достық пен татулықтың жарқын үлгісі болды!
#ҚазақстанХалқыАссамблеясы30жыл #БірлікКүні #ДостықАллеясы #Жетісу #Tatulyk #Birlik #UaqytKapsulasy