🔻«Елдесу және татуласу» жобасы аясында этносаралық қатынастарды реттеудің заманауи тәсілдері талқыланды.
Қаратал ауданы, Бастөбе ауылдық округінде «Елдесу және татуласу» жобасы аясында жергілікті тұрғындармен кездесу өтті.
Іс-шараны І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің «Құқықтану» кафедрасының оқытушысы, заң ғылымдарының кандидаты, кәсіби медиатор, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы этномедиация кеңесінің төрағасы Чингаева Бахтыгүл Кененсарықызы қатысып, семинар-тренинг өткізді.
‼️Кездесудің мақсаты — этносаралық саладағы қақтығыстарды шешудің ерекшеліктерімен таныстыру, сондай-ақ қатысушыларға этносаралық даулардың алдын алу мен оларды реттеуде медиативтік тәсілдерді қолдану дағдыларын үйрету.
Шараны модератор ашып, қатысушыларды кездесудің мазмұнымен таныстырды. Семинар барысында этномедиацияның қоғамдағы орны, жанжалдарды шешудің тиімді әдістері және өзара түсіністікті арттыру жолдары жан-жақты талқыланды.
Сіздің браузер бейнені қолдамайды.