Skip to content
Главная страница » «Ғажайып шырша» қайырымдылық акциясына қатысуға шақырамыз!

«Ғажайып шырша» қайырымдылық акциясына қатысуға шақырамыз!

19-29 желтоқсан аралығында “Қоғамдық келісім” КММ-нің ұйымдастыруымен “Атамекен” ойын-сауық кешенінде ерекше қажеттілігі бар балаларға мерекелік көңіл күй сыйлау мақсатында “Ғажайып шырша” қайырымдылық акциясы өтеді.

Бұл игі шара балалардың Жаңа жылды ерекше қуанышпен қарсы алуына және олардың жүздеріне күлкі сыйлауға бағытталған. Акция аясында балалар өздерінің қалауындағы мерекелік сыйлықтарды алатын болады.

Сіз де үлесіңізді қосып, балаларды қуантқыңыз келе ме?
Біз барлық ниет білдірушілерді акцияға қолдау көрсетуге және балаларға арнап мерекелік сыйлықтар сыйлауға атсалысуға шақырамыз!

Әр сыйлық – бұл кішкентай жүректерге үлкен қуаныш сыйлайды.

Қосымша ақпарат алу және акцияға қатысу үшін:
​•​Байланыс нөмірі: 8705 525 19 20
​•​Өткізілетін орын: “Атамекен” ойын-сауық кешені, Талдықорған қаласы.

Бірге мейірімділік жасап, балаларға ғажайып сыйлайық!

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *