Skip to content
Главная страница » 🎬 Қаратал ауданы, Ескелді ауылдық округінде «Елдесу және тат…

🎬 Қаратал ауданы, Ескелді ауылдық округінде «Елдесу және тат…

Қаратал ауданы, Ескелді ауылдық округінде «Елдесу және татуласу» жобасы аясында этносаралық қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған ақпараттық кездесу ұйымдастырылды.

Шараның негізгі мақсаты – этномедиация ұғымын халыққа кеңінен таныстырып, қақтығыстарды бейбіт жолмен шешудің тиімді әдістерін түсіндіру. Сонымен қатар, қоғамдағы татулық пен келісімді арттыру мәселелері де назардан тыс қалмады.

Кездесуге ауыл тұрғындары мен этностық топтардың өкілдері қатысып, өзара түсіністік пен сыйластық туралы еркін пікір алмасуға мүмкіндік алды.

Шара модераторы – Чингаева Бахтыгүл Кененсарықызы, заң ғылымдарының кандидаты, кәсіби медиатор, І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің оқытушысы және Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы этномедиация кеңесінің төрағасы.

Бахтыгүл Кененсарықызы этномедиацияның қоғамдағы орны мен маңызын нақты мысалдармен түсіндіріп, этносаралық мәселелерді шешуде диалогтың, сабыр мен түсіністіктің рөліне ерекше тоқталды.


Сіздің браузер бейнені қолдамайды.

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *