Skip to content
Главная страница » 🖼 🟩 Қазақстан халқы Ассамблеясы этномедиация институтын дамы…

🖼 🟩 Қазақстан халқы Ассамблеясы этномедиация институтын дамы…

🟩 Қазақстан халқы Ассамблеясы этномедиация институтын дамыту бойынша семинар-тренингтің бірінші күні аяқталды.

Қазақстан халқы Ассамблеясы этномедиация институтын дамыту мақсатында арнайы семинар-тренингтің бірінші күні өтті. Іс-шара этносаралық қатынастарды реттеу мен қоғамдық келісімді нығайтуда медиативтік әдістерді кеңінен енгізуге бағытталған.

🔹 Семинарды өткізген маман:
Семинар-тренингті психолог-сарапшы, ҚР Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының профессоры – Лола Сергеевна Шакимова жүргізді.

📌 Бірінші күннің мазмұны:
• Лола Шакимова аудиториямен танысу арқылы тренингке қатысушылар арасында ашық әрі сенімді атмосфера орнатты;
• Этномедиацияның психологиялық негіздері туралы дәріс оқыды;
• Қатысушылармен интерактивті жаттығулар мен тәжірибелік тапсырмалар өткізілді;
• Қақтығыстарды шешудегі медиативтік тәсілдердің тиімділігіне тоқталып, нақты мысалдар келтірді;
• Тыңдаушылар арасында пікір алмасу және талқылау сессиялары ұйымдастырылды.

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *