📌 Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай
«Елдесу және татуласу» жобасын жүзеге асыру аясында «Этномедиация және құқықтық жүйе» тақырыбында семинар-тренинг өтті.
Этносаралық қарым-қатынастарды реттеудің заманауи әдістерін меңгеру, этномедиация институтын дамыту және даулы мәселелерді шешудің бейбіт жолдарын қарастыру бағыттарын қамти отырып «Этносаралық қатынастар саласындағы этномедиация» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді.
🟣 Шара спикерлері болып – І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің «Құқықтану» кафедрасының оқытушы-дәріскері, заң ғылымдарының кандидаты, кәсіби медиатор, тренер-медиатор Чингаева Бахтыгүл Кененсарықызы мен «Қоғамдық келісім» КММ басшысының кеңешісі Жамбылқызы Алтын сөз сөйледі.
🟣 Семинар барысында қоғамдағы қарым-қатынастың арасында этномедиацияның рөлі, жанжалдарды шешудің тиімді әдістері, өзара түсіністікті арттыру жолдары қарастырылды.