Skip to content
Главная страница » ҚХА кафедрасы

ҚХА кафедрасы

Гусенов Бархудар Шахгусенович

Жетісу облыстық І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті базасындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі

Жетісу өңірінде Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы 2014 жылы ашылды.

Негізгі мақсаты – этносаралық қатынастар аясындағы білім беру процесіндегі ғылыми-әдістемелік, сарапшы-аналитикалық және хабарлама-ұйымдастырушылық ақпаратты сүйемелдеу.

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті ҚХА кафедрасы шығармашылық кездесулер, семинарлар мен дөңгелек үстелдер өткізетін негізгі ғылыми-сарапшылық алаң болып табылады.

2023 жылы Достық үйі ғимаратында облыстық этномәдени бірлестіктердің мүшелері мен Ассамблея жастарының Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия университетінің “Шаңырақ “Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедраларының қауымдастығы” РҚБ төрағасы Наталья Павловна Калашниковамен кездесу өтті. Іс -шараның мақсаты- ҚР ҒЖБМ-нің Ғылым комитетінің «Тәуелсіздік жылдарындағы ҚР-ның оңтүстік өңіріндегі этносаралық қатынастардың ерекшеліктері» ғылыми-зерттеу жобасының алгоритмін талқылау. Кездесу барысында Н.П. Калашникова биылғы жылы Жетісу облысында және Қазақстанның тағы бірнеше оңтүстік облыстарында іске асырылатын ғылыми-зерттеу жобасының мақсаттары мен міндеттері туралы айтып берді. Сондай-ақ, күннің екінші жартысында кездесу этномәдени бірлестіктердің басшыларымен және облыс жастарымен жалғасты, онда ҚХА жобаларын іске асырудағы өзара іс-қимыл, этномедиацияны дамыту, өңірдің этномәдени бірлестіктерімен және жастар ортасымен жұмыстың жаңа нысандарын дамыту мәселелері қозғалды.