
Чингаева Бакыт Кененсарықызы
Жетісу облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы
медиация құрылымы
Қазақстан халқы Ассамблеясының медиация кеңесі 2016 жылы құрылған.Кеңестің құрамы Мемлекеттік органдардың, медиацияның қоғамдық ұйымдарының, ҚХА медиация кабинеттерінің және басқалардың өкілдері қатарынан қалыптастырылады.
Негізгі мақсаты Қазақстан Республикасында қоғамдық келісімді қамтамасыз етуде медиация институтын дамыту болып табылады.
Міндеттері:
– ҚХА қызметі шеңберінде қоғамдық келісім саласында Медиация стратегиясын әзірлеу;
– Қоғамдық келісім саласындағы медиация бойынша ҚХА құрылымдарының қызметін үйлестіру және жүйелеу;
– Медиация бойынша ҚХА құрылымдарының қызметін ақпараттық және әдістемелік қамтамасыз ету;
– Этносаралық қатынастар саласындағы медиация бойынша отандық және шетелдік тәжірибені зерделеу, ҚХА қызметі шеңберінде медиация бойынша тәжірибені жетілдіру.
Қазіргі таңда Жетісу облысы бойынша 1 облыстық деңгейде медиация кабинеті Достық үйінде және 2 қалалық, 8 аудандық 5 ауылдық деңгейде – жалпы 15 медиативтік алаңдары қала әкімдіктері мен сот ғимараттарында ашылған жұмыс істейді. Облыс бойынша реесторда 18 медиатор тіркелген. Оның ішінде 2 – кәсіби медиатор, 16 – қоғамдық медиаторлар болып табылады.
Ү.ж. Қазақстан халқы Ассамблеясының медиация институтын дамыту бойынша бірқатар шаралар ұйымдастырылды.
16-18 ақпан аралығында Панфилов ауданы, Жаркент қаласында, «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен «Ұлтаралық қақтығыстарды шешудегі медиативтік тәсіл» тақырыбында этномедиация бойынша 3 күндік оқыту семинары өтті. Аталған семинардың негізгі мақсаты – елімізде этномедиация институтын дамыту үшін мүдделі мемлекеттік органдар мен қоғамдық құрылымдарды этномедиация дағдыларына үйрету. Семинар-тренинке Панфилов ауданына қарасты жергілікті полиция инспекторлары, орта мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі меңгерушілері, жергілікті әкімшіліктің заңгерлері және жергілікті ауылдық округ медиаторлары, ауданның ішкі істер бөлімінің медияциаға жауапты мамандары қатысты. Шара аясында қатысушылармен кері байланыс орнатылып, соныңда сертификаттар табысталды.
15 наурызда Талдықорған қаласы, “Еркін ауылдық округіндегі мектепке дейінгі шағын орталығы бар №26 орта мектеп” КММ-нің ғимаратында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің жылдық жоспарына сәйкес Талдықорған қалалық Аналар кеңесінің мүшесі, қоғамдық медиатор Мұсанова Шолпан Мадғалиқызының мектеп әкімшілігімен бірлесе ұйымдастырған «Мектеп медиация қызметін қалыптастыру және дамыту» тақырыбында іс-шарасы өтті. Шараға облыстық Аналар кеңесінің төрағасы, «Қоғамдық келісім» КММ-нің қызметкерлері, мектеп басшыларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, ата-ана комитеті төрайымдары, педагог-психологтар, педагог ұйымдастырушы немесе әлеуметтік педагог, мектеп оқушылары қатысты.
18-19 мамыр күндері «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен Мектеп медиациясы бойынша облыстық 2 күндік оқыту семинары өтті.
Мақсаты – мектеп медиациясы жанжалды азайтуға жағдай жасайды және оқушыларға құрдастарымен ғана емес, ересектермен де қарым-қатынасты сауатты көмектесу болып табылады.
Аталған семинарды облыстық деңгейдегі арнайы маман, жаттықтырушы-медиатор Чингаева Бақыт Кенесарықызы өткізді. Семинарға Талдықорған қаласындағы орта мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі меңгерушілері және мұғалімдер қатысып, арнайы сертификаттар алды.
16 қазанында Талдықорған қаласындағы Достық үйі ғимаратында Қазақстан халқы Ассамблеясының медиация институтын дамыту бойынша семинар – тренинг өтті.
Аталған шараға этномәдени бірлестік төрағалары, мүшелері, белсенділері, Аналар кеңестері, «Ассамблея жастары» және аудан, қалалық, облыстық және республикалық медиаторлар қатысты. Тренинг барысында пікір, тәжірибе алмасу, туындаған дауларды шешудің мысалдары келтіріліп, шешудің заманауи әдістері көрсетілді, медиацияны қолданудағы негізгі түсіндіру жұмыстары жүргізілді және медиатор қызметінің маңызды аспектілері тізбектелді.