🎤 Open Mic – поэзия мен шабыттың кеші сәтті өтті!
⠀
17 шілде күні Қаратал жағажайында өткен ашық аспан астындағы ерекше поэзия кеші жүрекке жылу, жанға тыныштық сыйлады.
⠀
🌬 Кешкі самал,
📖 Жанды өлеңдер,
🎙 Еркін микрофон – бәрі де жастардың шабытын оятып, поэзия әлеміне жетеледі.
⠀
Кеш барысында:
✨ Жас ақындар мен шығармашыл жандар өз өлеңдерін оқып, көрерменмен сыр бөлісті.
🎶 Музыкалық қойылымдар кешке ерекше әр берді.
🧺 Көрермендер жағажайда жайғасып, табиғат аясында рухани әсер алды.
⠀
🔹 Бұл шара жастардың еркін шығармашылығын қолдауға, өз ойын ашық жеткізуге мүмкіндік берді.
⠀
💬 Бізбен бірге болған барлық қатысушыларға алғысымызды білдіреміз!
⠀