Skip to content
Главная страница » 🎬 📰 Рәміздер күніне орай қала тұрғындарына ту бейнеленген тр…

🎬 📰 Рәміздер күніне орай қала тұрғындарына ту бейнеленген тр…

📰 Рәміздер күніне орай қала тұрғындарына ту бейнеленген трендтік жапсырмалар таратылды
4 маусым — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай қалада ерекше патриоттық акция өтті. Қала тұрғындарына көк Туымыз бейнеленген заманауи, трендтік жапсырмалар (стикерлер) таратылып, оларды күнделікті қолданыстағы заттарға (телефон, ноутбук, су бөтелкесі және т.б.) жапсыру ұсынылды.

Бұл бастама тұрғындар арасында Мемлекеттік рәміздерге деген құрметті арттыруды, патриоттық сезімді күшейтуді және жастар арасында ұлттық құндылықтарды дәріптеуді мақсат етті.

📌 Жапсырмаларда Тудың бейнесімен қатар «Менің туым — менің мақтанышым» деген ұран да бейнеленген. Бұл қарапайым әрі әсерлі деталь әр азаматтың жүрегінде мақтаныш сезімін оятуға бағытталған.

#МеніңТуымМеніңМақтанышым #РәміздерКүні


Сіздің браузер бейнені қолдамайды.

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *