“Таза Қазақстан” акциясы аясында ағаш көшеттері отырғызылды 🌳
🌱 Бүгін “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында облыс аумағында ағаш көшеттері отырғызылды.
Іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Диас Рахметұлы, сондай-ақ облыстық басқарма мен мемлекеттік мекемелердің басшылары қатысты.
Аталған акцияның мақсаты — өңірдің экологиялық ахуалын жақсартып, жасыл желекті көбейту. Іс-шара аясында қатысушылар табиғатты қорғау мен көгалдандырудың маңыздылығын атап өтті.